2026 жылғы 5 ақпанда аталып өтетін Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ғимаратында комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шара барысында сайлаушыларды қабылдау ұйымдастырылып, еліміздің сайлау заңнамаларына қатысты жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сайлау науқандарының маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты ақпараттар берілді.
Аталған шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сайлау үдерісіне деген қызығушылығын күшейту.