«PRO-Сайлау» тақырыбында «Quiz» интеллектуалды ойыны өтті

«PRO-Сайлау» тақырыбында «Quiz» интеллектуалды ойыны өтті

2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жас сайлаушылар клубы мүшелері ұйымдастыруымен №9 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары арасында «PRO-Сайлау» тақырыбында «Quiz» интеллектуалды ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау, коммуникативтік, көшбасшылық және зияткерлік дағдыларын дамыту.