
2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласында белсене қатысқан, осы салаға қосқан үлесі үшін Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы, Жылыой ауданының әкімдігі, Жылыой ауданы әкімінің аппараты, Жылыой аудандық мәслихаты, «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалы және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы атынан сайлау комиссиялары мүшелері алғыс хатпен марапатталды.
Алғыс хаттарды Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Теміржанов табыстап, жылы лебізін білдірді.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген бейімділікті қалыптастыру.