Қоғамдық бірлестіктермен кездесу өтті

Қоғамдық бірлестіктермен кездесу өтті

2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Кәсіпқой жауынгерлік клубы Жылыой" қоғамдық бірлестігі және "Ардагерлер кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – сайлау науқаны кезінде байқаушылар мен өңірлік сайлау органдары арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру және дауыс беру күні қолданыстағы заң аясында тәуелсіз байқау принципін сақтау.