Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу

Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу

2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – азаматтарға сайлау құқығын іске асыру бағытындағы сайлау комиссияларының жұмыстары туралы пікір алмасу.