
2026 жылғы 5 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес №9 орта мектепте 11-сынып оқушылары арасында «Президент болғым келеді», «Сайлау – жастардың ісі!» тақырыптарында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға барлығы 20 оқушы қатысты. Шараның басты мақсаты – жастардың сайлау үдерісіне деген қызығушылығын арттыру, олардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру және саяси сауаттылығын дамыту.
Эссе байқауының қорытындысы бойынша Жардем Жанель, Талғатова Карина және Лесова Дария «Үздік шығарма» номинациясы бойынша алғыс хаттармен марапатталды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамайтын, белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.