
Республика күніне арналған “Менің Қазақстаны - еркіндік пен бірліктің елі” атты мерекелік салтанатты шара өтті.
Аталған думанның ашылу сөзін аудан әкімі Ж. Қаражанов бастап, барша аудан халқын мерекемен құттықтады.
“Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке — ел еркіндігін, халқымыздың мемлекет құру жолындағы тарихи таңдауын айқындайтын ерекше күн. Бүгінде Жылыой ауданында да экономика мен әлеуметтік салада ілгерілеу бар, жаңа жобалар жүзеге асуда. Бұл жетістіктер – сіздердің ынтымақ пен еңбектегі табандылықтарыңыздың нәтижесі. Жылыой халқының еңбегі жана берсін, ауданымыздың абыройы асқақтай берсін!”
Аудан әкімі өз атынан бір топ сала ардагерлері мен мемлекеттік қызметшілерді Құрмет грамотасымен марапаттады.
Мерекелік шара барысында сахнаға дәстүрлі әншілер мен арнайы келген қонақтар шығып, әсем ән мен көңілді биден шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.