«19 қазан – Құтқарушылар күніне» арналған салтанатты мәдени шара өтті

«19 қазан – Құтқарушылар күніне» арналған салтанатты мәдени шара өтті

Аудандық мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты мәдени шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан басшылығы, сала ардагерлері, төтенше жағдай қызметкерлері мен тұрғындар қатысты.

Кештің ресми бөлімінде алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Айдашевқа берілді. Ол құтқарушылардың қоғамдағы еңбегін жоғары бағалап, қызметтеріне табыс тіледі және аудан әкімінің атынан бірқатар сала қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, шара барысында қала әкімі мен «Аманат» партиясы Жылыой аудандық филиалының төрағасы атынан да үздік құтқарушылар мен қызметкерлер марапатталды.

Мерекелік кештің көркемдік бөлігінде жергілікті өнерпаздар ән айтып, би билеп, күй орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.