Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған Қара Арна ауылдық округі әкіміне куәлік табыстады

2025 жылғы 15  шілдеде  Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында округ активінің жиналысы өтті.
          Жиналыста Жылыой  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы З.Калмуханова Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сағынов Ербол Нұртайұлына  әкім куәлігін тапсырды.

Тікелей сайлау нәтижесінде Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ербол Нұртайұлы Сағынов 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.

       Ербол Сағынов 1983 жылы 28 қазанда Құлсары қаласында дүниеге келген. Жылыой ауданы бойынша кірістер басқармасы, Жылыой ауданы әкімінің аппаратында, жалпы жергілікті атқарушы органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарды.

Сайлауға дейін, 2024 жылдан бастап Жылыой ауданы әкімі аппаратында бас инспектордың қызметін атқарды. Әкім сайлауына «AMANAT» партиясының Жылыой аудандық филиалымен ұсынылды.