Жылыой ауданы әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

Жылыой ауданы әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

Бүгін аудан әкіміның төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Мәжілісте төрт негізгі мәселе қаралды:

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауданда атқарылған жұмыстар тыңдалды. Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық – басты назарда.

2025 жылдың І жартыжылдығында тұрғындардан телеграм чат арқылы келіп түскен сұрақтар талданды. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

«Смарт Құлсары» жобасы шеңберінде Бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат берілді.

Нысандарды аралау барысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы сарапталды.

Әр мәселе бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, орындалмаған жұмыстар бойынша түсініктемелер берді.Аудан әкімі қосымша тапсырмалар беріп, орындалу мерзімдерін нақты белгіледі.