Шоқпартоғай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды

Шоқпартоғай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша “Игілік” бағдарламасы аясында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Учаске басшысы Ж.Жұмагелдіұлының айтуынша, нысанда 25 жұмысшы мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.

Аталған әлеуметтік маңызды жоба ауыл балаларының мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейін арттыруға оң ықпал етпек.

Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі