«Домбыра – халқымыздың ұлы мұрасы»

«Домбыра – халқымыздың ұлы мұрасы»

Ұлттық Домбыра күніне және қазақтың біртуар композиторы, дирижері Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті.


Шара аясында ұйымдастырылған «Домбыра – халқымыздың ұлы мұрасы» атты экспозициялық көрмеге музей қорындағы Т.Құлтумиев, А.Жылгелдиев, З.Жарылғасов, М.Ғалымов қолданған домбыралар қойылды. Көрменің жалғасы – ауданда ұлт аспаптары оркестрінің қалыптасуына себеп болған сазгер, дүлдүл домбырашылар Т.Құлтумиев және З.Жарылғасов туралы «Өнер саңлақтары-өлке мақтанышы» атты презентация көрсетілді.


Кеш барысында Н.Тілендиевтің өмірбаяны, шығармашылық жолы, қазақ өнеріне қосқан елеулі үлесі туралы мазмұнды ақпараттар айтылды.


Бұл шара өскелең ұрпаққа ұлттық аспаптың қадір-қасиетін түсіндіріп, дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын оятуға бағытталды.