Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылында электр желілерін қайта жаңғырту жобасына түзету енгізіліп, тиісті сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, «Жайық Жарығы» ЖШС мердігер мекеме ретінде іске асыруда.
Жоба аясында ауылға 4 дана жаңа КТП орнатылып, жалпы ұзындығы 17 шақырым электр желісі жаңартылатын болады.
Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуға бағытталған.