«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық мәжіліс өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық мәжіліс өтті
 
«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан әкімі аппаратының басшысы А.Теміржановтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
 
Аталған жиынға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен тиісті мекеме өкілдері қатысты. Мәжілісте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы кеңінен талқыланды.
 
А.Теміржанов қатысушыларға аталмыш акцияның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру екенін атап өтіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Жиын барысында бөлім басшылары өздеріне қарасты бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, акция шеңберінде ұйымдастырылатын тазалық жұмыстарының мерзімі, жауапты мекемелер мен ұйымдастыру шаралары нақтыланды.