Жылыой ауданы бойынша №3 жалпы орта білім беретін мектеп пен №18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің озат түлектеріне “Алтын белгі” табысталды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г.Айшуақова білім шыңын бағындырған түлектерді құттықтап, алғыс хат пен “Алтын белгі” марапаттарын табыс етті.
Сондай-ақ, “Дарын” білім сайысында жүлделі II орын иеленген А.Аман да құрметке ие болып, Г.Айшуақова атынан алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістіктер – жастарымыздың талпынысы мен еңбегінің жемісі!