Мемлекеттік қызметшілер күніне және Қазақстан Полициясы күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» атты мерекелік концерт өтті.
Салтанатты жиында Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Г.Айшуақова құттықтау сөз сөйлеп, барша мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында Атырау облысы әкімінің және Жылыой ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды.
Сондай-ақ, 19-20 маусым күндері Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне орай ұйымдастырылған аудандық дойбы, садақ ату және шағын футбол турнирлерінің жеңімпаздары да марапатталды.
Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың қатысуымен ән мен күйге, би мен сәнге толы концерттік бағдарламаға ұласты.