Бүгін Атырау облысы бойынша Экология департаменті, қоғамдық белсенділер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары Құлсары қаласының аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы меморандумда белгіленген талаптарға сәйкес “Теңізшевройл” ЖШС-не тиесілі көгалдандырылған аумақтарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Іс-шара барысында қатысушылар көгалдандыруға бөлінген учаскелерді аралап, атқарылған жұмыстармен және егілген жасыл желектердің күтімімен танысты.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында мамандар мен қоғам өкілдері жасыл аймақтарды көбейту, ағаштардың жерсіну деңгейін арттыру, суару жүйелерін жақсарту сынды мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында тараптар қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.