Жылыой ауданының прокуратурасы тиісті уәкілетті органдармен бірге халыққа қызмет көрсету орталығында жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, өзекті мәселелерін талқылау және тиісті құқықтық кеңес беру болды.
Қабылдау барысында тұрғындар мен кәсіп иелерінің құқықтық сипаттағы сұрақтары тыңдалып, заң аясында нақты түсініктемелер мен жауаптар берілді.