2025 жылғы 26 қазанда өткен Жылыой аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда өткен Жылыой аудандық

мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда №3 және №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған Жылыой аудандық мәслихатының депутаттарының орнына сайлау өтті.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2576 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1393 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс қатысқаны – 4.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

А.Н.Абдрахманов үшін сайлаушылардың 943 дауысы берілді,

А.Е.Едигеев үшін сайлаушылардың 295 дауысы берілді,

А.Н.Тәжімұхан үшін сайлаушылардың 141 дауысы берілді,

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –8.

Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихатының депутаты болып:

Абдрахманов Асулан Нурбуланович, 1990 жылы туған, «Жылыой аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің директоры, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны сайланды.

 

№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4001 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2149 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс қатысқаны – 1.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық  мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

М.Т.Кумискалиева үшін сайлаушылардың 579 дауысы берілді,

Н.Д.Надиров үшін сайлаушылардың 1259 дауысы берілді,

З.З.Саидмахмадова үшін сайлаушылардың 260 дауысы берілді,

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 32.

Сайлау қорытындысымен №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихатының депутаты болып:

Надиров Нурлан Дюмбаевич, 1976 жылы туған, «Жылыой кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігінің басшысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының  тұрғыны сайланды.

 

 

Жылыой аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 октября 2025