2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жылыой аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жылыой аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жылыой аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 5022 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2579 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

          Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

          №1 сайлау округі бойынша

А.Ш.Даруишова үшін сайлаушылардың 433 дауысы берілді;

Ә.М.Култаев үшін сайлаушылардың 1346 дауысы берілді;

А.Т.Сатыбалдиев үшін сайлаушылардың 754 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –30.

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша  Жылыой  аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№1 сайлау округі бойынша - Култаев Адилет Мазапович, 1981 жылы туған, «ТасМұнайСервис» ЖШС-ның қаржы директоры, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны.

 

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 декабря 2024