28 сәуір күні Майкөмген мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір үйдің баласындай» атты балаларға арналған би байқауы өткізілді.

28 сәуір күні Майкөмген мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір үйдің баласындай» атты балаларға арналған би байқауы өткізілді.

8 сәуір күні Майкөмген мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір үйдің баласындай» атты балаларға арналған би байқауы өткізілді. Аталған байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында достықты, бірлікті, ұлттар арасындағы татулықты дәріптеу, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Қатысушылар байқауда жеке және топтық түрде өнер көрсетіп, әртүрлі ұлттардың билерін сахналады. Әр қатысушы өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау барысында қатысушылардың өнері арнайы құрылған әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Бағалау кезінде қатысушылардың сахналық мәдениеті, орындау шеберлігі, костюм үйлесімділігі және би композициясының мазмұны ескерілді. Қорытынды кезеңде үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл байқау балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қосты.