Атырау облысы шегінде Жайық
өзенінің су қорғау аймақтары,белдеулері, олардың шекараларыжәне оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан РеспубликасыныңСу кодексінің 85,86-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда №36238 болып тіркелді) сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға 1,2-қосымшаларына сәйкес, Атырау облысы шегіндеЖайық өзенінің су қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шекаралары және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі бекітілген жобалық құжаттама негізінде белгіленсін.
- Атырау қаласы, Махамбет, Индер аудандарының әкімдері су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарда құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін жер бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкесжүргізсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Шәпкенов
қаулы жобасы қаз
проект постановления рус