23-25 наурыз күндері Грузия елінің астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан Әлем Кубогі өтті. 20 елден келген 200-ге жуық қатысушы Лос-Анджелес Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпайларды сарапқа салды.
Қиянов Жандос бастаған атыраулық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.
J1 санатында 57 келіде Тлекқабыл Альфия кубок иегері атанды. J2 санатында 81 келіде Смағұлұлы Ғалымжан күміс жүлдеге ие болса, J1 санатында +91 келіде Утепов Ерлан қола жүлдегер атанды.