Чеснокова Дарья жастар спорттық ойындарының жеңімпазы атанды

Чеснокова Дарья жастар спорттық ойындарының жеңімпазы атанды

24-28 наурыз күндері Алматы облысында жүзуден Қазақстан Республикасының VI жастар спорттық ойындары өтті. Иван Галкин бастаған Атырау облысының спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Чеснокова Дарья 50 метрге арқамен жүзуден алтын медаль және 100 метрде қола жүлдеге ие болды. Бұл атыраулық спортшылардың жастар спорттық ойындарындағы жүзу спортынан алғашқы медалі.