Атыраулық спортшысы Болат Сақаев Иордания елінің астанасы Амман қаласында өткен еркін күрестен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
86 келі салмақта белдескен балуанымыз ширек финалда моңғол спортшысын, жартылай финалда Қытай елінің спортшысын ұтты. Ақтық сында Иран спортшысы Абольфазл Рахманиге 11:4 есебімен есе жіберді.
Еске сала кетейік, Болат 2 жыл бұрын Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде 79 кг дейінгі салмақта топ жарған.