Күрес түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

Күрес түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

1-5 ақпан күндері Астана қаласында ересектер арасында күрес түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

1 ақпанда бастау алған ұлттық біріншіліктің соңғы күні еркін күрес шебері Болат Сақаев 79 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ол ақтық сында көп жылдар бойынша Атырау облысының намысын қорғаған Азамат Өміржановтан ұтылды.

Осылайша Атыраулық спортшылар ел чемпионатында 1 алтын және 2 күміс жүлде еншілеп отыр. Бұған дейін еркін күрестен 74 келіде Сырбаз Талғат күміс медаль және грек-рим күресінен Евгений Поливадов алтын медаль жеңіп алды.