Атыраулық таеквондошылар рейтингілік турнирде жеңіске жетті

Атыраулық таеквондошылар рейтингілік турнирде жеңіске жетті

Атыраулық таеквондошылар Словения астанасы Любляна қаласында өткен "Slovenia Open" рейтингілік турнирінде жеңіске жетті.

Сәуле Сардарова бастаған облыс спортшылары G-1 санатындағы додада 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

57 келі салмақта Севостьянова Мария алтын және 67 келі салмақта Хусайнова Нұрай қола еншіледі.

Словенияда өткен бұл жарыс мамыр айында Әзірбайжан елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылады.