17-23 мамыр күндері "Атырау" спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының 5-ші жастар спорттық ойындары өтуде.
Атырау облысынан ақтық бәсекеге қос спортшымыз жолдама алды. Ұлдар арасында 64 келіде Бітімов Бекзат және қыздар арасында 69 келіде Ищанова Ақнұр алтын жүлдеге таласатын болады.
Ал ойындардың қола жүлдесіне ұлдар арасында 46 келіде Рүстем Айдар мен 81 келіде Приданов Данил және қыздар арасында 48 келіде Мұхиденова Алфия, 51 келіде Бағыт Дилназ және 54 келіде Тлепқалиева Жасмина ие болды.
Ертең, 23 мамыр күні 12:00-де ақтық бәсекелер өтеді.