Айтпаев: Жанкүйерлер қолдауы өте маңызды

Айтпаев: Жанкүйерлер қолдауы өте маңызды

"Атырау" футзал клубының директоры Тұрлан Айтпаев 2020 жылды қорытындылады. " Атырау" Футзалдан Қазақстан Чемпионатының 3 айналымын өткізген болатын.

Ол сөзін "Атырау" шағын футбол клубының жанкүйерлеріне алғыс айтудан бастады. Матчтарға қатыса алмаса да, олар әлеуметтік желілер арқылы команданы белсенді қолдады.

- Бірінші кезекте жігіттерге қайсарлығы мен жеңіске деген жігері үшін алғысымды білдіргім келеді! Осындай тығыз кестеге қарамастан команда барынша тығыз жұмыс жасап, нәтижесінде біз екінші орында тұрмыз, бірақ ең қызығы әлі алда. Осы жылы біз үйдегі матчтарды өз қабырғамызда ойнай аламыз және жанкүйерлерге футзал мерекесін сыйлаймыз деп үміттенемін.

Клуб қалада футзалды дамыту үшін барлық жағдайды жасауда және болашаққа үлкен жоспарлары бар.