АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
 
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы Атырау облыстық спартакиадасы өтті.
 
Екі күнге созылған жарысқа облыстың 16 командасынан 300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың 9 түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, киберспорт, жүзу, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.
 
Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша:
🥇 І орын – Атырау облысы командасы;
🥈 ІІ орын – Құрманғазы ауданы әкімдігі;
🥉 ІІІ орын – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
 
Спартакиаданың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтырумен жүйелі айналысуға ынталандыру және қызметтік ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.