Аймақта спорт және туризм саласының үздіктері марапатталды
“Жыл үздігі – 2025” салтанатты рәсімінде аймақтың дамуына үлес қосқан үздік спортшылар, жаттықтырушылар және туристік сала өкілдері марапатталды.
Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңірде спорт инфрақұрылымы кеңейіп, туризм әлеуеті артып келе жатқанын атап өтті.
Жыл қорытындысы бойынша әлемдік және Азия елдері деңгейіндегі жарыстарда жоғары нәтижеге көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ туристік индустрияны дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, Туристік индустрия комитеті төрағалары мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Сондай-ақ “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ-ның “САПА” айрықша белгісі табысталды.