Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Исатай ауданында туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына арналған көшпелі жиын өтті.
Іс-шара барысында ақпараттық топ жергілікті тұрғындармен және бизнес өкілдерімен кездесіп, туризм саласына бағытталған бағдарламалардың тиімділігі мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап өту керек, 2026 жылға арналған туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылатын болады. Олар:
Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары және өтінімдерді жолдау тәртібі бойынша толық ақпарат алу үшін Атырау облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына 8 (7122) 30-69-68 телефоны арқылы хабарласуға болады.