«Атырау қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжін салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Атырау қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжін салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ «Атырау қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжін салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Атырау қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжін салу»

Жобаны іске асыру саласы: Жоба спорт және білім беру салаларында жүзеге асырылуда.

МЖӘ жобасының мақсаты: Атырау қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжін салу және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

  • спорт объектілері желісін дамыту және материалдық-техникалық саланы жақсарту;
  • орта білім беру объектілері желісін дамыту және материалдық-техникалық саланы жақсарту;
  • қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін спорттағы дарынды балаларға арналған заманауи облыстық спорт мектеп-интернат-колледжін іске асыру;
  • оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;
  • халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы білім берумен қамтамасыз ету;
  • білім беру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сапалы қамтамасыз ету.

МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: спорттағы дарынды балаларға арналған 400 орындық облыстық спорт мектеп-интернат-колледжі, оның ішінде 100 орындық колледж.

МЖӘ жобасын іске асыру орны: Жер учаскесі Атырау қаласында «Ақ шағала» ш/а, № 2 көше, 68 үй мекенжайында орналасқан, онда учаскенің ауданы 4,26 га га құрайды.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 72 ай және одан да көп, оның ішінде:

  • Құрылыс кезеңі: 12 айдан бастап;
  • Техникалық пайдалану мерзімі: 5 (бес) жылдан бастап.

Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2025 жылғы 1 қазан сағат 00:00 (жергілікті уақытпен) дейін «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің 8-қосымшасына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ ұйымдастыру- құқықтық мәселелер, спортты дамыту және спорттық имараттарды бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы – Бозаева Жансая Кузайровна, тел.: 8(778)995 44 94, e-mail: zhansaya.bozayeva@mail.ru.

Құжаттар көшірмесінің топтамасын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, №77.

Техникалық тапсырма осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша беріледі.