
Дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны артып, жалпы облыс халқының 33,8 пайызын, яғни, 221 215 адамды құрады.
Облыс бойынша 9015 спорттық секция жұмыс жасайды, оның ішінде 3491 секция ауылдық жерде. 2020 жылы Мақат ауданынан 1 балалар - жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы ашылды.
2020 жылы облыс бойынша 450 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 67 500 адам қатысты. 5 спорт түрінен (бокс, самбо, тоғызқұмалақ, ГТФ таеквондо, футзал) Қазақстан Республикасының чемпионаттары, бірнеше халықаралық және республикалық турнирлер өткізілді. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай көрерменсіз кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылды.
Биылғы жылғы жағдайларға орай спорттық шараларды жаңа онлайн форматта өткізу жолға қойылды. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген дәстүрлі «Атырау» қайырымдылық марафоны онлайн форматтағы ең ауқымды шара ретінде танылып, қатысушылар саны 2 мыңға жуықтады.