Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің назарына!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №427 «Квота бөлу туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылға Атырау облысына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 3 146 бірлік квота бөлінді, оның ішінде: 1 санат бойынша -73 бірлік, 2 санат бойынша -674 бірлік, 3 санат бойынша -1453 бірлік, 4 санат бойынша -276 бірлік, маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – 670 бірлік.

Осыған орай, бөлінген квота шеңберінде жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтініштерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қабылдау басталғанын хабарлаймыз. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының хаттамасы негізінде 4-санат бойынша бөлінген 276 бірлік квота «Атырау облысында қуаттылығы жылына 1 млрд м3 болатын газ өңдеу зауытын салу» жобасын іске асыру мақсатында тек «China Oil HBP Science and Technology Corporation» компаниясына ғана берілгендігін мәлімдейміз.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға өтініштерді тапсыру кезінде көрсетілген ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.