
Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Атырауда алғаш рет мүгедектігі бар азаматтарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Жүрек жылуы» конкурсы өтті.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған қатысушыларды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде марапаттады.
Облыс басшысы байқауға қатысқан әр үміткер жеңімпаз екендігін, яғни рухы мен жігерінің арқасында өмірге деген құштарлық үлгісін көрсететінін атап өтті.
Конкурс жеңімпаздары «Мейірімді жүрек», «Шабыттандырушы отбасы», «Спорттық жігер», «Жыл таланты», «Жыл серпіні», «Жыл көшбасшысы» және «Жыл маманы» номинациялары бойынша марапатталып, оларға диплом мен арнайы сертификаттар табысталды.