Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауында облысымыздан «Даларо/Оверсиз/Лимитед» ЖШС «Алтын Парыз» жүлдесін иеленді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауында облысымыздан «Даларо/Оверсиз/Лимитед» ЖШС «Алтын Парыз» жүлдесін иеленді.

2025 жылғы 5-желтоқсан күні Астана қаласында ЭКСПО конгресс-орталығында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен республика кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Биыл Атырау облысынан конкурсқа қатысуға 14 ұйым өтінім берді, оның ішінде, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына –8 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында – 1 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында – 2 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында – 1 өтінім, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы номинациясына 2 өтінім түсті.

арлық өтінімдер республикалық конкурсқа жолданып, республикалық конкурстың нәтижесімен «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Атырау облысының «Даларо/Оверсиз/Лимитед» ЖШС «Алтын Парыз» жүлдесінің иегері атанды.