Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №274 «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 6 тармағына сәйкес,жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерді (квота) ұсынады.
Осыған сәйкес,Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2026 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квотаға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
2026 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс беруші мекемелер жоғарыда көрсетілген Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштер толтырып және мекеменің арнайы хатымен Басқарманың кеңсе бөліміне (мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31 А, 1-қабат, кеңсе бөлімі, электрондық пошта: Ukzsp@atyrau.gov.kz) тапсыруы қажет.
Ескертпе: арнайы хатта жауапты маманның аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық поштасы және 1-ші қосымшадағы нысан қолданыстағы заңға сәйкес толтырылуы қажет.