Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мүмкіндігін береді, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды. Онда «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздары марапатталады.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары айқындалды:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Атырау қаласынан Шандиевтер әулеті;
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Жылыой ауданынан Аманжолов Айбар Жанарбекұлы, үздік және белсенді жас маман;
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Атырау қаласынан Жолаева Мейрамгуль Амантаевна, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер.
Аталмыш «Еңбек жолы» республикалық конкурсына облыстық деңгейде айқындалған 3 (үш) жеңімпаздардың құжаттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.