Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға қатысуға арналған «Жүрек жылуы» атты конкурсының талаптары

Өткізу уақыты:  2025 жылғы желтоқсан айы

Конкурс 7 номинациядан тұрады. Олар:

 

1. «Жыл таланты»

Көркемдік, шығармашылық, музыкалық және сахналық өнер нөмірлерін бағалау. 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеке немесе топпен қатысуға болады.

 

2. «Жыл серпіні»

Жыл ішінде айтарлықтай жеке немесе шығармашылық өсім көрсеткен қатысушыларға беріледі. Бұл номинация мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға және ересектерге беріледі.

 

3. «Шабыттандырушы отбасы»

Мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланың дамуына белсенді қолдау көрсетіп, шығармашылыққа, білімге, ғылымға жетелеуде ерекше рөл атқаратын ата-аналар мен отбасыларға арналған.

 

4. «Жас көшбасшы»

Мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға арналған номинация. Оқуында, шығармашылықта, әлеуметтік жобаларда белсенділік танытқан.

 

5. «Жыл маманы»

Мүгедектігі бар ересек қатысушыларға арналған. IT, қолөнер, қызмет көрсету, білім беру және басқа салаларда кәсіби жетістікке жеткендерге беріледі.

 

6. «Спорттық жігер»

Параспортта немесе белсенді өмір салтында жетістік көрсеткен мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға арналған номинация.

 

7. «Мейірімді жүрек»

Волонтёрлік қызметі, игі істеріне, әлеуметтік шараларға қатысуы үшін беріледі. Бұл номинация ересектерге және жасөспірімдерге табыстала алады.

 

Конкурс Ережесі

  1. Жалпы ережелер

Осы ереже мүгедектігі бар адамдарға арналған аралас форматтағы (балалар, ересектер және ата-аналар) конкурстың мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін және өткізу шарттарын айқындайды.

 

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

Мақсаттары:

  • Мүгедектігі бар адамдардың таланты мен шығармашылық, кәсіби әлеуетін ашуға жағдай жасау;
  • Қоғамдық белсенділікті арттыру және отбасыларды қолдау;
  • Қоғамда инклюзивті көзқарасты қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Дарынды қатысушыларды анықтау және қолдау;
  • Жеке және кәсіби дамуға ынталандыру;
  • Параспорт пен салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Әлеуметтік белсенділік пен еріктілікті дамыту.

 

  1. Қатысушылар

Конкурсқа:

  • мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балалар;
  • мүгедектігі бар ересектер;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар мен отбасылар қатыса алады.

Қатысу ерікті және тегін.

 

  1. Конкурстың номинациялары
  2. «Жыл таланты» – шығармашылық, музыкалық, көркемдік және сахналық өнер.
  3. «Жыл серпіні» – жыл бойы айтарлықтай өсім немесе жетістік көрсеткен қатысушылар.
  4. «Шабыттандырушы отбасы» – баланың дамуына белсенді қолдау көрсеткен ата-аналар мен отбасылар.
  5. «Жас көшбасшы» – белсенділігімен, бастамашылдығымен ерекшеленген балалар мен жасөспірімдер.
  6. «Жыл маманы» – кәсіби салада жетістікке жеткен ересек қатысушылар.
  7. «Спорттық жігер» – параспорттағы немесе белсенді өмір салтындағы жетістіктер.
  8. «Мейірімді жүрек» – еріктілік, игі істерге қатысу, көмектесу.

 

  1. Өтінімдерді қабылдау тәртібі

Қатысушылар төмендегілерді ұсынады:

  • белгіленген үлгідегі өтінім;
  • нөмір немесе жобаның қысқаша сипаттамасы;
  • қажет болған жағдайда фото, видео немесе презентациялық және басқа да материалдар.

 

  1. Бағалау критерийлері (5 баллдан 3 баллға дейін)

5 балл- өте жақсы

4 балл – жақсы

3 балл – орташа

 

  1. Конкурсты ұйымдастыру
  • Конкурсты бағалау тәуелсіз және құзыретті қазылар алқасымен жүргізіледі.
  • Жеңімпаздар баллдардың жиынтығы бойынша анықталады.

 

  1. Қорытынды шығару

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

  1. Қорытынды ережелер
  • Ұйымдастырушы конкурс кестесін өзгертуге және шарттарды нақтылауға құқылы.
  • Қатысушылар ұсынған материалдар автордың келісімімен жарияланымдарда пайдаланылуы мүмкін.
Дата публикации
18 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 ноября 2025
Атырау облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға қатысуға арналған «Жүрек жылуы» атты конкурсының талаптары
Хабарлама
12 ноября 2025
Жастарға кредиттерді беру бағытында құрылған бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтетіні туралы хабарландыру!
Хабарлама
03 ноября 2025
Жастарға кредиттерді беру бағытында құрылған бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтетіні туралы хабарландыру!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты