Конкурстың өңірлік (бірінші) кезеңі ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта өткізіледі. Республикалық (екінші) кезең ағымдағы жылғы 13 қазаннан бастап 23 қазанға дейінгі аралықта өтеді.
Ағымдағы жылғы 1-5 қазан аралығында бірыңғай онлайн-платформада ашық онлайн-дауыс беру өтеді.
Өңірлік деңгейде Конкурс қатысушыларының тізімі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде бірыңғай онлайн-платформада ашық онлайн-дауыс беру өтеді.
Бұл ретте онлайн-дауыс берудің нәтижесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау бойынша қорытынды нәтижелер әсер етеді.
Дауыс саны тең болған кезде комиссия төрағасына басымдылық құқығы беріледі.
Ағымдағы жылғы 6-8 қазан аралығында өңірлік комиссияның шешімімен келіспеген кезде шағымдар қабылданады.
Ағымдағы жылғы 9-12 қазан аралығында өңірлік комиссиялар құжаттарды дайындауды, отырысты өткізуді және республикалық комиссияға әрбір номинация бойынша бір номинанттан артық емес адамды жіберуді қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылғы 13-22 қазан аралығында құжаттар республикалық комиссияның өкілдерімен қаралады.
Салтанатты қорытындылау және марапаттау 2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өтеді.
Конкурс номинанттарын іріктеу қызмет салалары бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері арасында жүргізіледі:
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік жұмыскері» номинациясына әлеуметтік жұмыскерлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының мамандары, оның ішінде күндізгі және уақытша болу бөлімшелерінің мамандары қатысады;
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік жұмыскері» номинациясына әлеуметтік жұмыскерлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының мамандары, оның ішінде күндізгі және уақытша болу бөлімшелерінің мамандары қатысады;
- «Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік жұмыскері» номинациясына мемлекеттік және мемлекеттік емес үйде қызмет көрсету ұйымдарының әлеуметтік жұмыскерлері қатысады;
- «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» номинациясына Министрліктің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысады;
- «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік жұмыскері» номинациясына Министрліктің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлері қатысады;
- «Үздік әлеуметтік педагог» номинациясына (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының әдіскерлері, тәрбиешілері, логопедтері, дефектолог мұғалімдері, музыка мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушылары (еңбекке оқыту жөніндегі мұғалім) қатысады;
- «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) үздік жұмыскері» номинациясына еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) және жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыспен қамту секторының қызметкерлері қатысады;
- «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясына үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған өзге де мекемелер мен ведомстволар қатысады.