Атырауда өткен жазушылар пленумында алғаш рет шығармашылық аукцион ұйымдастырылды

Атырауда өткен жазушылар пленумында алғаш рет шығармашылық аукцион ұйымдастырылды

Бүгін Атырауда ҚР Жазушылар одағының «Жұмысшы мамандықтары және Қазақстан жазушылары»
көшпелі пленумы өтті. Жиында еңбек адамының көркем әдебиеттегі орнын қалыптастыру, тұлғасын шынайы әрі терең сипаттауға ықпал ету мәселесі талқыланды,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов және Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, БҚО және Атыраудың қылқалам иелері қатысты.

Серік Шәпкенов жиын қатысушыларына ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқып берді.

ҚР Жазушылар одағының төрағасы М.Құлкенов пленумның маңызына тоқталып, қазақ жұмысшы табының негізі Атырауда қаланғанын айтып, олардың бейнесін көркем әдебиетте жаңғырту қажетін айтты.

Шара аясында өндіріс басшылары мен кәсіпкерлердің қатысуымен жазушылардың тұңғыш шығармашылық аукционы ұйымдастырылды.

Пленумда белгілі қаламгерлер — Илья Жақанов, Қадір Жүсіп, Төлеген Жаңабаев және Жәниба Қарасаеваға «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағы табысталды. Бұл марапат олардың әдебиеттегі ұзақ жылғы еңбегі мен ұлттық руханиятты дамытуға қосқан зор үлесін бағалау ретінде берілді.

Сондай-ақ, Мұрат Өтешов, Нұрлыбек Бақтығалиев пен Абай Сағиев Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.