
Атырау облысы әкімдігі «Мерейлі отбасы-2025» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңі қалалық, аудандық турға құжаттар қабылдайтыны туралы хабарлайды. Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурстың мақсаты - өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.
Конкурс ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидада көрсетілген нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет.
Конкурсқа қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен құжаттар Атырау қаласы және аудандар әкімдіктерінің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады.
2025 жылғы 15 мамырдан бастап 2025 жылғы 15 маусымға дейін Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді аудандық (қалалық) комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылдауды жүргізу.
Қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 14 маусым. Аудандық (қалалық) комиссиялардың өтінімдерді 15 маусым -1 шілде аралығында өтінімдерді қарап, облыстық екінші кезеңге өтінім жолдайды.
3 шілде – 17 шілде аралығы қалалық және аудандық комиссиялардан өтінімдерді қарап, үшінші кезеңге Республикалық комитетке жолдайды.