Атырау қаласындағы «Тоныкөк» этносаябағында «Қарияларымыз – Бірліктің, Ерліктің, Жеңістің үлгісі» атты мерекелік шара өтіп, ол Қазақстан халқының бірлігі күні, Отанды қорғаушылар күні, Жеңіс күні сынды атаулы күндерге арналды.
Іс-шараны «Атырау Рауан», «Jas Tumar Atyrau» қоғамдық қорлары ұйымдастырды. Бұл шара - ұрпақтар сабақтастығының көрінісі және бейбітшілік, достық, аға буынға құрмет секілді басты құндылықтарға баулу мақсатында өтті.
Іс-шара барысында ұлтаралық келісім, жауынгерлер мне Отан қорғаушылардың ерлігіне арналған әндер шырқалып, көрермендерді тебірентті.
Шараға қатысқан аға буын өкілдері жайлы көңіл-күй жасап, ерекше зейінге бөлеген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.