Жас аналарға арналған он күндік тегін тігін курсы басталды

Жас аналарға арналған он күндік тегін тігін курсы басталды

12 мамыр – Аналар күні қарсаңында әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында Атырау қаласында жұмыссыз жас аналарға арналған тегін тігін курсы бастау алды. Әлеуметтік жоба 18-35 жас аралығындағы 20 келіншекті қамтуда.

Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жоба жас аналардың шығармашылық қабілетін дамытып, өз кәсібін құруға мүмкіндік береді. 10 күнге жалғасатын сабаққа 100-ден аса өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 20 жас ана таңдалды.

Курс барысында қатысушылар дәстүрлі және заманауи үлгідегі сәукеле, көйлек және жакет тігіп үйренеді. Бұл арқылы олар өз қабілеттерін дамытып, шығармашылық әлеуетін жаңа деңгейге көтермек.

Қорытынды байқауда қатысушылар өз қолдарымен тіккен бұйымдарын ұсынып, өнерлерін сарапқа салады.