Жоба қатысушылары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлымен кездесті.
Кездесу барысында Н.Жеңісбекұлы мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас буынның қоғамдағы белсенді рөлі туралы ойларымен бөлісті.
Қатысушылар мемлекеттік басқару саласы бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Іс-шара жастардың кәсіби дамуына, жаңа көзқарастар қалыптастыруына және болашақ көшбасшы ретінде қалыптасуына үлкен серпін береді.
Еске салайық,«Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі биыл да жалғасып, наурыз айында 30 қатысушы іріктелген болатын. Жобаны облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жастар Рухы» Атырау облыстық филиалы ұйымдастыруда.