«ATYRAU CUP VIІ» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

«ATYRAU CUP VIІ» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «ATYRAU CUP VIІ» республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Іс-шараға еліміздің Астана, Алматы, Тараз, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау мен Батыс Қазақстан сынды 7 өңірінен барлығы 40 команда қатысқан болатын.

Турнир нәтижесінде, жүлделі І орынды Тараз қаласынан қатысқан «Момышұлы» командасы иеленді. Ал, астаналық «Парасат майданы» - ІІ орынмен, маңғыстаулық «БҰҰ атынан» - ІІІ орынмен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысынан келген Айымбек Сарымсақов сайыстың «Үздік спикері» атанды.