Наурыз мерекесі: Көршілес елдердің берекелі басқосуы

Наурыз мерекесі: Көршілес елдердің берекелі басқосуы

М.Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма театрында Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды.

Бұл шараға арнайы келген Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримов қатысты.

Іс-шара барысында өзбекстандық «Ватандошлар» қоғамдық қоры Атырау облыстық «Еділ-Жайық» қарақалпақ этномәдени бірлестігіне ағаш киіз үй сыйға тартты.

200-ге жуық адам қатысқан мерекелік жиынға Өзбекстан Республикасының өнерпаздары өздерінің ұлттық өнерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.