Кіші аяқ доптан Assembly CUP-2025 турнирі өтті

Кіші аяқ доптан Assembly CUP-2025 турнирі өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кіші аяқ доптан  «Assembly CUP-2025» турнирі өтті.  Шараға облыстағы этномәдени бірлестіктер, ассамблея құрылымдары мен жастары, жұмысшы мамандар мен студенттер қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты – этномәдени бірлестіктер арасындағы достықты нығайту, мәдениетаралық байланыстарды дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«Assembly CUP-2025» турнирінің қорытындысында тартысты ойын көрсеткен «Ассамблея жастары» командасы чемпион атанса, шеберлігімен көзге түскен «Иверия» командасы екінші орынды иеленді. Ал ұйымшыл ойын өрнегімен ерекшеленген «Ассамблея» құрамасы қола жүлдені қанжығасына байлап, жарыстың жеңімпаздары қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, «Иверия» командасы ойыншылары Багдан Нурбауловқа «Үздік қақпашы», Денис Пынзарьға «Үздік қорғаушы» және «Ассамблея» командасының мүшесі Нұрбек Маратұлына «Үздік шабуылшы» номинациясы табысталды. Ал, «Ассамблея жастары» командасының ойыншысы Бекзат Аманқос – «Assembly CUP-2025» турнирінің «Үздік ойыншысы» атанды.

Турнирге 8 команда қатысып, 100-ге жуық спортшы қамтылды.