
Атырау қаласындағы бірқатар жоғары және арнаулы оқу орындарында Студенттік Ассамблеяның ашылу салтанаты өтті.
Атап айтқанда, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, APEC PetroTechnic жоғары колледжі мен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде студенттік құрылым өз жұмысын бастады.
Ашылу салтанатына «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев арнайы қатысып, студенттермен еркін форматта пікір алмасты.
Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея жастары» РҚБ мен аталған оқу орындары арасында «Ынтымақтастық» туралы меморандумға қол қойылып, «Ассамблея жастары» куәлігі табыс етілді.